Курстың сипаттамасы
Пәннің атауы: Базалық шетел тілі (B1)
Пән дуалды оқыту жүйесінде білім алатын студенттерге арналған және шетел тілін меңгерудің B1 деңгейіне сәйкес коммуникативтік құзыреттілікті дамытуға бағытталған. Курс оқу үдерісінде теориялық білімді практикалық дағдылармен ұштастыруды, студенттердің тілдік білімін академиялық және кәсіби ортада қолдануын көздейді.
Пәннің мазмұны шетел тіліндегі сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін (айтылым, оқылым, жазылым, тыңдалым) дамытуға, тілдік құрылымдарды меңгеруге, әртүрлі коммуникативтік жағдаяттарда тілдік құралдарды тиімді пайдалануға негізделеді. Студенттер B1 деңгейіне сәйкес мәтіндерді түсіну, өз ойын ауызша және жазбаша жеткізу, пікір алмасу, ақпаратты талдау және кәсіби қызығушылықтарына қатысты тақырыптар бойынша қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіреді. Дуалды оқыту жағдайында меңгерілген білімді практикалық сабақтарда, кәсіби ортада және болашақ еңбек қызметіне қатысты коммуникативтік жағдаяттарда қолдануға ерекше назар аударылады.
Курстың мақсаты: студенттердің B1 деңгейіне сәйкес мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту, шетел тілінде тиімді қарым-қатынас жасауға қажетті тілдік, сөйлеу және әлеуметтік-мәдени дағдыларын жетілдіру. Дуалды оқыту жүйесі аясында студенттердің теориялық білімін практикалық тәжірибемен ұштастыру, шетел тілін академиялық және кәсіби міндеттерді шешу құралы ретінде қолдану қабілетін дамыту көзделеді.
Пәннің пререквизиттері:
-
Базалық шетел тілі (А2 деңгейі).
-
Ағылшын тілінің практикалық грамматикасы (А2 деңгейі).
Пәннің постреквизиттері:
-
Базалық шетел тілі (В2).
3. Оқытудан күтілетін нәтижелер
ОН1. Білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, шет тілін оқыту бойынша оқу қызметін ұйымдастырудың қағидаттары мен әдістерін айқындау; тіл теориясын білу мен түсінуді көрсету; сөйлеу және жазу барысында жаңа құрылымдарды талдау және құрастыру; психо- және социолингвистикалық деректер негізінде лингвистикалық модельдерді бағалау; сыни ойлау дағдыларын көрсету; ономастикалық деректерді, диалектілік ерекшеліктерді, идиомалық тіркестерді және лексикографиялық ресурстарды талдау арқылы тілдік бірліктерге сипаттама беру.
ОН2. Шет тілін оқытуда жаңа модельдер мен стратегияларды әзірлеуге арналған педагогикалық әдістерді таңдау; ғылыми зерттеу және академиялық жазу дағдыларын меңгеру; гипотезаларды тұжырымдау, педагогикалық зерттеулерді жобалау және олардың нәтижелерін негіздеу.
ОН3. Студенттердің танымдық мүмкіндіктері мен дағдыларын дамытуға бағытталған шет тілін оқытудың инновациялық формаларын, әдістері мен стратегияларын қолдану.
ОН4. Шет тілін меңгеру барысында студенттердің қажеттіліктері мен қиындықтарын анықтау, олардың танымдық іс-әрекетке деген ынтасын ескере отырып, сыни және шығармашылық ойлауын дамыту.
ОН5. CEFR талаптарына сәйкес студенттердің жас ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу.
ОН6. Сөйлеу әрекетінің барлық түрлері бойынша тілдік құзыреттіліктерді бағалау критерийлерін таңдау.
ОН7. Тілдік ортада мәдениетаралық құзыреттілікті көрсету, кәсіби қызметті жүзеге асыруға қажетті деңгейде лексикалық бірліктерді қолдану; оқу-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау.
ОН8. Кәсіби қоғамдастықта тиімді жұмыс істеу, әлеуметтік, мәдени және жеке контекстерді анықтау және кәсіби өзара әрекеттесуді жүзеге асыру.
ОН9. Сөйлеу және коммуникативтік іс-әрекеттің барлық аспектілері бойынша қазақ, орыс және шет тілдерінде еркін қарым-қатынас жасау; құқықтық жүйе мен экономика негіздерін білу; ғылыми зерттеу әдіснамасын меңгеру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ұстану және кәсіби міндеттерді шешу барысында тиімді коммуникацияны жүзеге асыру.
ОН10. Тұлғаға бағдарланған технологияларды қолдану, инклюзивті білім берудің әдіснамалық қағидаттары мен халықаралық модельдерін ескере отырып, инклюзивті практиканы жүзеге асыру, экологиялық және денсаулық сақтау дағдыларын қолдану.
ОН11. Қашықтан оқытудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін ескеру, онлайн-сабақтарды ұйымдастыру дағдыларын меңгеру, білім беруді цифрландыру жағдайында инновациялық технологияларды, жасанды интеллект құралдары мен интерактивті әдістерді қолдану.
ОН12. Қазіргі лингвистикалық теориялар негізінде тілдік бірліктерді әртүрлі деңгейлерде және тілдің өзекті даму үрдістерін талдау; тілдік бірліктерді анықтап, тиісті санаттарға жіктеу; олардың этимологиясы мен нақты мәтіндердегі қызметін түсіндіру; әртүрлі стильдегі мәтіндерді бағалау; ғылыми зерттеулерді жобалау және кәсіби тәжірибені тарату.
Дуалды оқыту жүйесіне қатысты ерекшелік: пәнді меңгеру барысында студенттердің шетел тіліндегі коммуникативтік дағдыларын практикалық және кәсіби ортада қолдануына, теориялық білімін нақты жағдаяттарда бекітуіне, кәсіби қарым-қатынас жасау қабілетін дамытуына және өздігінен білім алу дағдыларын жетілдіруіне жағдай жасалады.